Мысырда жойқан жер сілкінісі болды: тұрғындарға зақымданған ғимараттарға жақындамауға кеңес берілді

Мысырда жойқан жер сілкінісі болды: тұрғындарға зақымданған ғимараттарға жақындамауға кеңес берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 11:25 Сурет: pexels
Мысырдың Астрономия және геофизика жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, елдегі Суэц қаласынан солтүстікке қарай 38 шақырым жерде магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 3 тамыз күні болған. Қазіргі уақытта институт тарапынан қаза тапқандар немесе қираулар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Соған қарамастан, Мысырдың Қызыл Жарты ай қоғамы жер асты дүмпулері сезілген провинцияларда төтенше жағдайға ден қою жоспарын іске қосқанын мәлімдеді.

Ұйым тұрғындарды құрылымдық зақымдану белгілері байқалған ғимараттарға жақындамауға, сондай-ақ құзырлы органдар жағдайды бағалап жатқан кезде тек ресми ақпарат көздерінен таралатын хабарламаларды қадағалап отыруға шақырды.

Ал Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: