Мысырдағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, үш адам көз жұмды
Сурет: magnific
Khaleej Times басылымының жазуынша, ғимараттың бірінші қабатындағы сыйлықтар дүкенінде гелий толтырылған баллон жарылған. Соның салдарынан шағын өрт тұтанды, алайда құтқарушылар оны дер кезінде сөндіріп үлгерді. Жарылыс салдарынан көршілес бірнеше дүкеннің қасбеті де зақымданған.
Оқиға орнына сегіз жедел жәрдем көлігі жіберілді. Зардап шеккен 11 адам Жаңа Каирдегі мамандандырылған ауруханаға, тағы алты адам жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Сонымен қатар билік әлеуметтік желілерде тараған сауда орталығындағы лифт құлады деген ақпаратты жоққа шығарды.
🇪🇬⚡️ انفجار داخل مركز تجاري في القاهرة الجديدة يودي بحياة 3 أشخاص ويُصيب آخرين، بعد انفجار أسطوانة هيليوم داخل متجر للهدايا في الطابق الأرضي.#مصر pic.twitter.com/Uv1mFGR78J
— ديوان (@DiwanDaily) August 13, 2026
Бұған дейін Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанғанын жазғанбыз.