"Роскосмос" Непалдағы Трисули өзенінің қалай өзгергенін көрсетті

 «Роскосмос» Непалдағы Трисули өзенінің қалай өзгергенін көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 13:27 Сурет: Роскосмос
"Роскосмосқа" тиесілі "Ресурс-П" спутнигі Непалдағы Трисули өзенін қатты су тасқынына дейін және кейін суретке түсірді. Суреттер шамамен 500 км биіктіктен түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Непалда су тасқыны 2 тамыз күні таңертең басталды. Табиғи апат салдарынан 1 100-ден астам адам зардап шекті.

Спутниктен түсірілген кадрлар су тасқыны басталғанға дейінгі және одан кейінгі өзен арнасы мен оған жақын аумақтың жағдайын салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ табиғи апаттың әсерінен Трисули өзенінің қаншалықты өзгергенін көруге болады.

Бұған дейін Непал мен Қытайда болған алапат су тасқынынан кейін 3 мыңнан астам адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: