Грекияны қауіпті вирус жайлады

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 12:52 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Грекияда Батыс Ніл безгегінен қайтыс болғандар саны артып келеді. Ең күрделі жағдай Аттиканың шығыс бөлігінде және Афинаның солтүстік маңындағы аудандарда қалыптасып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

MK.ru EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, жыл басынан бері безгектің осы түрінен кемінде 24 адам қайтыс болған. Ал соңғы бір аптада дәрігерлер тағы 58 науқасты анықтаған. Осылайша расталған жағдайлардың жалпы саны 290-ға жетті.

Батыс Ніл безгегін масалар таратады. Оның негізгі белгілеріне бас және бұлшықет ауыруы, құсу және ұйқышылдық жатады. Ауру ауыр жағдайда өршісе, науқасты ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.

Жергілікті дәрігерлерді тіркелген жұқтыру жағдайларының шамамен жартысы екі өңірге – Аттиканың шығыс бөлігі мен Афинаның солтүстік маңындағы аудандарға тиесілі екені алаңдатып отыр. Жалпы инфекция елдегі 13 өңірдің алтауынан анықталған.

Мамандар алдағы апталарда ауру жұқтыру жағдайларының өсуін жоққа шығармайды. Олардың болжамынша, вирус қыркүйек айында одан әрі өршиді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: