Трамп мансабында алғаш рет шаш үлгісін өзгертті
Сурет: flickr/Gage Skidmore
4 қыркүйекте АҚШ президентінің Air Force One ұшағы Trump National Golf Club Bedminster гольф-клубының жанына қонғаннан кейін, Дональд Трампты әдетте өзіне тән алтын түсті шашынан өзгеше, қара түске жақын шашпен байқағандар болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The New York Post жазуынша, бұл АҚШ президентінің өзіне тән шаш үлгісін өзгерткен санаулы жағдайлардың бірі.
Шаш үлгісінің пішіні өзгермегенімен, түсі айтарлықтай өзгеше болған. Алайда жаңа бейнесі ұзаққа созылмады. Сол күні кейінірек Трампты қайтадан үйреншікті шаш үлгісімен көрген.
Трамп президент болмай тұрып-ақ оның шаш үлгісі көпшіліктің талқысына түскен. Көптеген адам ол туралы парик киіп жүр деген болжам айтқан.
Бұған дейін Мәскеуде Трамптың өкілдері не істеп жүргені туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript