Қытайда автокөлік сатылымы күрт төмендеді

Қытайда автокөлік сатылымы күрт төмендеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 11:55 Сурет: pexels
Қытай жолаушылар көлігі қауымдастығының (CPCA) мәліметінше, елдегі жаңа автокөліктердің бөлшек саудадағы сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға төмендеп, 1,54 миллион данаға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, жыл басынан бері сатылым көлемі бестен бірге азайған. Бұға ұзаққа созылған дағдарыс себеп болып отыр.

Осы жағдайда BYD бастаған қытайлық өндірушілер, сондай-ақ Tesla сияқты шетелдік брендтер ел ішіндегі қатаң баға бәсекесінің салдарын жеңілдету үшін экспорт көлемін белсенді түрде арттырып жатыр.

Ішкі сұраныстың төмендеуі компанияларды шетелдік нарықтардан мүмкіндік іздеуге мәжбүр етуде. Ол жақта пайда маржасы жоғары болуы, ал бәсекелестік анағұрлым бәсең болуы мүмкін.

Сарапшылар сатылымның төмендеуін Қытай экономикасындағы жалпы белгісіздікпен, сондай-ақ нарықтың қанығуымен байланыстырады. Өндірушілер көптеген модель ұсынғанымен, халықтың сатып алу қабілеті шектеулі болып отыр.

Жағдайды электромобиль сатып алуға берілетін мемлекеттік субсидиялардың біртіндеп қысқартылып жатқаны да қиындата түсуде. Бұл да сұранысқа әсер етіп отыр.

Бұған дейін Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін екені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: