Индонезияда паром апатқа ұшырады: Ява теңізінде 130-ға жуық адам іздестіріліп жатыр

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 09:23 Фото: unsplash
Жексенбі күні теңіз қатты толқыған кезде Virgo Transport 8 паромы Ява теңізінде суға батып кетті. Оның бортында 243 адам, соның ішінде 213 жолаушы мен 30 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

NPR құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлағандай, қазіргі уақытта 107 адам құтқарылды. Сондай-ақ қаза тапқан алты адамның денесі табылды. 130-ға жуық жолаушы мен экипаж мүшесі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Паром суға батпас бұрын капитан теңіздің қатты толқып жатқанын және толқындардың биіктігі үш метрге дейін жеткенін хабарлап, кейін апат белгісін берген. Кеме Сурабаядан Банджармасинге бет алған.

Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған бірнеше кеме, соның ішінде Әскери-теңіз күштерінің кемесі мен тікұшақ жұмылдырылды.

Бұған дейін Индонезияда жолаушылар кемесі Ява теңізіндегі дауылға тап болғаннан кейін құтқарушылар 140 адамды іздестіріп жатқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: