Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды

Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 12:24 Сурет: pexels
2026 жылғы 17 қыркүйекте Вьетнамның Дананг қаласындағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

DTiNews басылымының жазуынша, магнитудасы 2,7 балдық алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:41-де Тра-Зяп коммунасында болған.

Екінші жер сілкінісі сағат 10:52-де Тра-Тан коммунасында тіркелді. Оның магнитудасы 2,6 балды құрады. Шамамен 30 минуттан кейін, сағат 11:23-те Тра-Тап коммунасында магнитудасы 3,0 балдық жер сілкінісі болды.

Жергілікті билік өкілдері жер сілкінісін сезгендерін хабарлады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер туралы ғылымдар институтының Жер сілкіністері және цунами туралы ескерту ақпарат орталығы жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: