АҚШ-та адам мен робот алғаш рет жекпе-жекке шықты

адам мен робот алғаш рет жекпе-жекке шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 12:59 Сурет: pexels
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында интернетте танымал Фрэнки ЛаПенна адамға ұқсас роботпен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Geo News мәліметінше, ұйымдастырушылар бұл сайысты адам мен "терминатор" робот арасындағы әлемдегі алғашқы жекпе-жек деп атады. Сондықтан әлеуметтік желілерде жарияланған видео қызу талқыға түсті.

Жекпе-жек барысында Фрэнки ЛаПенна роботқа бірнеше рет соққы жасаған. Ал робот бастапқыда тек шабуылды қайтаруға тырысқан. Алайда кейін ол қарсы шабуылға көшті.

Гуманоид робот қолымен және аяғымен соққы жасап, бір сәтте Фрэнки ЛаПеннаны тордың арғы жағына ұшырып жіберген.

Айта кетейік, роботты жасанды интеллект басқармаған. Адамға ұқсас роботты арнайы пилот қашықтан басқарып отырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: