АҚШ-та құйыннан 40 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 09:13 Сурет: pixabay
АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді.

"Рейтер" агенттігінің мәліметінше, 6 штатта торнадодан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен. Табиғи апаттан әсіресе Миссури штатты ең көп зардап шекті.

Онда 12 адам қайтыс болған. Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады.

Оклахомада қатты желден от күшейіп, 150 өрт ошағы тіркелген.

Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған.

350 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды. Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, құйын тағы көтерілуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: