Баспана дағдарысы: Испанияда халық толқып жатыр

Испания, толқу, жаппай шеру, тұрғын үй, дағдарыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 13:32 Сурет: pexels
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды. 50-ден астам қала көшелеріне ондаған мың адам шықты. Кей жерлерде демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Euronews мәліметінше, мұндай жаппай шерулерге, негізгінен, сенбіде, 2026 жылғы 3 қазанда Испания парламентінің жалға алушыларды қорғап, жылжымайтын мүлік бағасы өсімін тежеуге бағытталған үкіметтік заң жобаларын қабылдамай тастауы түрткі болған.

Қоғамның ең соңғы төзімі Мадридте пәтерінде шамамен 70 жыл тұрып жатқан 87 жастағы Марикармен Абаскальды мәжбүрлеп далаға шығарып тастағанда шытынаған. Инвестициялық компания үйді сатып алып, оның жалға беру ақысын 275%-ға дейін көтеруге тырысқан. Наразылықтар аясында компания әйелді пәтеріне қайта кіргізуге келісті, бірақ қоғамның ашу-ызасы бұл кезде саяси дағдарысқа ұласып кеткен еді.

Шерулерді Жалға алушылар одағы ұйымдастыруда. Демонстранттар соңғы 10 жылға дерлік екі есеге өскен жалдау құнын түбегейлі төмендетуді, инвестициялық қорлардың тұрғын үй сатып алуына толықтай тыйым салуды және мәжбүрлеп көшіруді тоқтатуды талап етіп отыр.

Парламентте тұрғын үй декреттерінің қабылданбай қалуы Педро Санчестің коалициялық үкіметіне қатер төндірді, соның салдарынан елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігі белсенді түрде талқыланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: