АҚШ-та автотұрақ үшін болған атыста 12 жастағы қыз қаза тапты
Сурет: magnific
Sky News Балтимор полициясының мәліметіне сілтеме жасап хабарлағандай, қақтығысқа екі ер адамның автотұраққа қатысты дауы себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнынан құқық қорғау қызметкерлері оқ жарақатын алған 12 жастағы қыз бен әйелді тапқан. Қыз кейін ауруханада көз жұмды. Тағы екі ер адам медициналық көмекке өздері жүгінген.
Полицияның болжамынша, ер адамдар бір-біріне оқ атқан, ал қыз атыс кезінде кездейсоқ оқ астында қалған. Полиция комиссары Ричард Уорлидің айтуынша, қыз атысушылардың тікелей нысанасы болмаған.
Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаға куә болғандарды болған жағдай туралы ақпарат беруге шақырды.
Бұған дейін Ақтауда түнгі барда оқ атқаны үшін тұрғынның бес жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сот ер адамды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.