Қара теңізде танкер өртеніп, "Сириустағы" жағажайлар жабылды

Қара теңізде танкер өртеніп, "Сириустағы" жағажайлар жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 10:37 Сурет: magnific
"Сириус" федералды аумағының басшысы Дмитрий Плишкин Қара теңіз акваториясында танкердің өртенуіне байланысты муниципалитеттегі жағажайлар жабылатынын мәлімдеді. Билік осылайша тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК басылымының мәліметінше, мамандар "Росгидромет" қызметімен бірлесіп, су мен ауаның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

"Сириус" тұрғындары мен қонақтарына далада ұзақ уақыт жүрмеуге және мүмкіндігінше терезелерді ашпауға кеңес берілді.

"Сириус" федералды аумағы – Ресейдегі ерекше жария-құқықтық мәртебесі, экономикалық дербестігі және федералды бюджеттен тікелей қаржыландырылуы бар алғашқы әрі жалғыз федералды аумақ.

Бұған дейін қарақшылар мұнай тасымалдайтын танкер экипажын кепілге алып, төлем талап еткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: