11 қарашада Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады
Фото: Zakon.kz
Сәрсенбі, 2026 жылғы 11 қарашада, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. "Қазгидромет" РМК болжамынша, елдің оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде жауын-шашын мол түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антициклон жотасының ықпалынан елдің қиыр батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Синоптиктер мына аумақтарды атады:
- Қызылорда облысы;
- Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
- Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығы;
- Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы.
Бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді. Кейін қала әкімдігі Алматыда 10 қараша күні кешке басталатын жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін созылатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript