Филиппинде жанартау туристердің көз алдында атқылады

Филиппинде Тааль жанартауы туристердің көз алдында атқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 12:28 Сурет: wikipedia
Филиппиндегі танымал Тааль жанартауының бес минутқа созылған атқылауын туристер видеоға түсіріп алды. Жанартаудың негізгі кратерінен биіктігі шамамен 4 шақырымға жететін қою сұр күл бағаны көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Manila Bulletin басылымының Филиппиннің вулканология және сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлауынша, мамандар Тааль көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы бірнеше елді мекен мен оған жақын аудандарға жұқа күл қабаты түсуі мүмкін екенін ескерткен.

Атқылауға дейін 82 минут бойы жанартаулық дүмпулер тіркелген. Қауіптілік деңгейі төмен белсенділікке сәйкес келетін 1-деңгейде сақталып отыр.

Басылымның мәліметінше, тұрғындарға Тааль жанартауы орналасқан аралға, әсіресе негізгі кратер мен Даанг-Кастила жарығы маңына баруға тыйым салынған. Сондай-ақ Тааль көлінде қайықтардың жүруіне және жанартауға жақын маңда ұшақтардың ұшуына шектеу қойылған.

Институт мамандары бу мен газ жарылыстары, жанартаулық жер сілкіністері, күлдің түсуі және қауіпті жанартаулық газдардың бөлінуі мүмкін екенін еске салды.

Бұған дейін Баку маңында балшық жанартауы кенеттен атқылап, аспанға от бағаны көтерілгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: