Грекияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты

Грекияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 10:14 Сурет: pexels
Грекияда бір қозғалтқышты шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Оқиға 2026 жылғы 18 қазанда, жексенбі күні Пиерия аймағындағы Контариотисса елді мекенінің маңында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ERT-news басылымының алдын ала мәліметінше, ұшақ бортында 41 және 59 жастағы екі ұшқыш болған. Құтқарушылар оларды әуе кемесінің сыртынан ес-түссіз күйде тапқан. Кейін дәрігерлер екеуінің де қайтыс болғанын растады.

Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, ұшақ Пиерия аэроклубының ұшу-қону жолағына жақын маңдағы, Кариотис ауылына жақын өзеннің арнасынан табылған.

Оқиға туралы хабар өрт сөндіру қызметінің жедел орталығына шамамен сағат 13:50-де түскен. Апатт болған жерге сегіз өрт сөндіруші мен төрт арнайы техника жіберілді. Құтқарушылар зардап шеккендерді ұшақтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген. Кейін ер адамдарды жедел жәрдем көлігімен Катерини қаласындағы ауруханаға апарған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқан екі адам да тәжірибелі ұшқыш болған. 41 жастағы ер адам бұған дейін аэроклуб вице-президенті қызметін атқарған. Сондай-ақ оның өрт сөндіруге пайдаланылатын Canadair амфибиялық ұшақтарын басқару тәжірибесі болған деген болжам бар.

Апаттың себептерін полиция анықтап жатыр.

Бұған дейін Германияда ұшақтың егістік алқапқа құлап, адам өліміне әкелгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: