Алтын бағасы соңғы үш айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 09:04 Фото: pexels
22 қазанда COMEX биржасында желтоқсанда жеткізілетін алтын фьючерстері 1,64%-ға арзандап, бір унциясының бағасы 4082,35 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – соңғы екі жарым айдағы, яғни 2026 жылғы 3 тамыздан бергі ең төменгі баға.

РБК мәліметінше, Қазақстан уақытымен сағат 13:40-та бағаның құлдырауы баяулап, төмендеу көрсеткіші 1,07%-ды құрады. Сол сәтте алтынның бір унциясы 4105,6 доллар деңгейінде саудаланды.

Trading Economic мәліметінше, алтын бағасының төмендеуі Таяу Шығыстағы шиеленістің қайта күшеюі аясында байқалып отыр. Бұл жағдай мұнай бағасының өсуіне әкеліп, инфляцияға қатысты алаңдаушылықты күшейткен.

Zaye Capital Markets инвестициялық компаниясының мәліметінше, алтын бағасының ең жақын қолдау деңгейі шамамен 4073 доллар болса, 4135 доллар маңызды қарсылық деңгейі саналады.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылдың төртінші тоқсанында алтын бағасына ең алдымен доллар бағамы мен геосаяси ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы қақтығыс әсер етеді.

Сондай-ақ сарапшылар орталық банктер тарапынан алтынға сұраныс сақталады деп күтеді.

Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімі алдында қаражатты қалай қорғауға болатыны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: