15 жыл бойы шатырда жатқан карталар британдықты миллионер етті
Фото: freepik
SWNS басылымының мәліметінше, ер адам жергілікті газеттен бір Pokémon картасының 6 мың фунт стерлингтен астам сомаға сатылғаны туралы оқығаннан кейін өз коллекциясын бағалауды ұйғарған. Ewbank’s аукцион үйі бастапқыда барлық картаны 270 мың фунт стерлингке бағалаған. Алайда сауда қорытындысы күткен нәтижеден әлдеқайда жоғары болды.
Pokémon: A Decade of Masters (1999–2009) деп аталатын коллекцияға сирек кездесетін карталар мен толық жинақтар кірген. Барлығы 42 жинақ болған, оның 41-і аукционға қойылған. Біреуін иесі өзіне қалдырған.
Ең қымбат лот Charizard карталары бар Legendary Collection Master Set жинағы болды. Оның бастапқы бағасы 15–20 мың фунт стерлинг болғанымен, аукционда 100 мың фунтқа сатылды.
Коллекция иесінің айтуынша, ол Pokémon ойынына ұлы қызығушылық танытқан 1990-жылдардың соңында алғашқы жинақтарды сатып ала бастаған. Бір жинаққа шамамен 300 фунт жұмсаған. Кейін олардың бірі аукционда 75 мың фунт стерлингке сатылған.
Ұлының коллекция жинауға деген қызығушылығы басылғаннан кейін карталар шатырда қалып қойған. Соған қарамастан, олардың барлығы дерлік мінсіз күйде сақталған.
Аукцион үйінің өкілдері бұл сауда компанияның 30 жылдан астам тарихындағы ең табысты сатылым болғанын атап өтті.
Retired decorator becomes millionaire overnight as Pokémon cards he kept in his attic sell for £1.56MILLION https://t.co/GaLFWqnuSG
— Daily Mail (@DailyMail) October 22, 2026
Бұған дейін анасының кеңесіне құлақ асқан әйелдің 240 млн теңге байлыққа кенелгені хабарланған болатын.