Қытайда 19 жыл бойы өзін ер адам деп таныстырған әйел сүйіктісінен 30,9 млн теңге алдап алған
Фото: freepik
KPS-TV мәліметінше, 2006 жылы Қытай тұрғыны Лю Чжаомен танысқан. Чжао оған жалған ат айтып, өзін ер адам деп таныстырған. Екеуі ұзақ жыл бойы кездесіп, тіпті отбасын құру жайын да талқылаған.
2019 жылдан 2025 жылға дейін Чжао түрлі сылтаумен Люден үнемі ақша сұрап отырған. Ол бірде әкесінің ауырып қалғанын айтса, бірде қаржыдан қысылғанын немесе маманға жүгінуі керектігін алға тартқан.
Осы уақыт ішінде Чжао Люден 460 мың юаньнан астам (30,9 млн теңге) ақша алған. Оның бір бөлігін құмар ойындарға және пәтерақыға жұмсаған.
2025 жылғы маусымда Лю бір гәп барын сезіп, полицияға жүгінген. Сол кезде ғана ол 19 жылға жуық уақыт бойы өз жігіті деп жүрген адамның әйел екенін білген. Чжао ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, уәдесін орындамаған. 2026 жылғы қаңтарда Чжао ұсталды. Жуырда сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Бұған дейін психолог адамның кейде тіпті сүйіктісіне де неліктен ашулана бастайтынын түсіндірген еді.