10 жасар ұлын жалаңаш күйде лифтпен түсуге мәжбүрлеген әке түрмеге қамалды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 09:03 Фото: pexels
Сингапурдың 40 жастағы тұрғыны баласына қатыгездік көрсеткені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол өтірік айтқаны үшін 10 жасар ұлын жазаламақ болып, киімін шешіп, сегізінші қабаттан бірінші қабатқа лифтпен түсуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, бала әкесінің айтқанын орындаған. Бейнежазбалардың бірінен лифтке екі бейтаныс әйелдің кіріп, жалаңаш баланы байқаған сәті көрінеді.

Оқиғадан кейін ер адам құқық қорғау органдарымен ынтымақтасудан бас тартып, қамауға алынған. Кейін оған балаларға қатыгездік көрсетуге жол берілмейтіні ескертіліп, ол кепілмен босатылған.

Біраз уақыттан кейін ер адам қызына да қол көтерген. Чанги әуежайында мектеп жасындағы қыздың жүрегі айнып, құсып жіберген. Бұған ашуланған әкесі қызын итеріп, мойнынан ұрған, содан кейін бетінен шапалақпен тартып жіберген.

Прокуратура әкенің ұлына жасаған әрекетін баланы көпшілік алдында әдейі қорлау деп бағалап, оны тоғыз айға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Бұған дейін миллион ұтып алып, қуанғаннан өзін полиция іздеп жүргенін ұмытып кеткен ер адам туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: