Павлодарда алғаш рет өткен республикалық құсбегілер жарысы мәресіне жетті

Сурет: Zakon.kz.
Құсбегіліктен жастар арасындағы ҚР XIV чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Pavlodarnews.kz мәліметіне сәйкес, қаршыға салудан Түркістан облысынан Пан Нұрасыл бірінші орынды, Аршабай Дидарбек екінші орынды, ал Нұр-Сұлтан қаласынан келген Күнтуған Алмас үшінші орынды иеленді. Төртінші орын Алматы облысынан келген Сейтжан Бексұлтанға бұйырды.

Ителгі салудан Түркістан облысынан келген құсбегі Пан Төлемырза бірінші орынды алып қанжығасын майлады. Ал Қарағанды облысы атынан шыққан Егінтай Нұрдәулет екінші орынды, Нұр-Сұлтан қаласынан Серікбек Бекарыс пен Күнтуған Мирас үшінші орынға ие болды.

Бүркіт салудан Павлодар облысынан Шамиль Жексенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Нұр-Сұлтан қаласынан Жанарбек Тайбасар екінші орынды, Нұр-Сұлтан қаласынан Күнтуған Диас және Жамбыл облысынан Бауыржан Шернияз үшінші орынды иеленді.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында алғаш рет "Құлагер" ипподромының аумағында 2-5 ақпан аралығында "Саятшылық" ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа республиканың 12 өңірінен 100-ге жуық жас құсбегі қатысты.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды