Алматыда 600-ден астам кәсіпкерге өтемақы төленді

Сурет: Zakon.kz.
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1 млрд 188 млн теңге көлемінде өтемақы төленген. Бұл көмекті қаладағы 601 бизнес нысаны алып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Almaty.tv телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, мемлекеттен көмек алуға 2 мыңнан аса кәсіпкер өтініш берсе, оның 200-ге жуығы құжаттың толық болмауына байланысты қабылданбаған.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі тек бүгіннің өзінде 56 нысан бойынша шешім бекітілді дейді.

«Бүгінгі комиссия бойынша 198 нысанның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Өйткені олар өтінім берген кезде құжаттарын толық тіркемеген. Соған байланысты біз қабылдамай отырмыз. Бірақ олардың құжаттарын толтырып, қайта өтінім беруге мүмкіндігі бар», - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды