KASE Украина Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының саудасын тоқтатты

Сурет: unsplash
25 ақпаннан бастап KASE-де Украина Қаржы министрлігінің үш шығарылымының халықаралық облигацияларының саудасы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-де 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап Украина Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды:

XS1902171757 («мемлекеттік бағалы қағаздар секторы», UA_01_2811);

XS1303921214 («мемлекеттік бағалы қағаздар секторы», UA_03_2209);

XS1303921487 («мемлекеттік бағалы қағаздар секторы», UA_04_2309).

Белгілі болғандай, бұл облигациялар бойынша сауда-саттық Украинаның бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі ұлттық комиссиясының интернет-ресурсында жарияланған ақпарат негізінде тоқтатылды. Соған сәйкес 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап барлық бағалы қағаздарды орналастыруды, айналысын және өтеуді, сондай-ақ клирингтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың депозитарлық есепке алу жүйесіндегі және клирингтік есеп жүйесіндегі операцияларын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Ұлттық Банктің ақша-несие және Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарызға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыруы үшін қажетті операцияларды жүргізуді қоспағанда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды