Түркияда өткен турнирде қазақстандық балуан топ жарды

Сурет: olympic.kz
Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды. 60 келі салмақта қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды. Ол финалда түрік балуаны Экрем Өзтүркті жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

olympic.kz сайты жазғандай, Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды.

55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осы салмақтағы Марлан Мұқашев қола жүлде үшін күресте қарсыласына жол берді.

63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ.

67 келідегі Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымдарда ұтылған.

87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық балуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қола медальдан айырылып қалды.

Қазақстан
Түркия
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды