Украинадан қазақстандықтар арнайы рейспен 26 ақпанға қараған түні ұшып келеді

Сурет: Zakon.kz.
Air Astana әуе компаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен алып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейс Катовицеден 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшады. Жолаушылар рейске Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша тіркеледі. Эйр Астана

Еске салайық, эвакуациялау үшін қазақстандықтар 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша еліміздің Құрметті консулдығы ғимаратында жиналуы керек. Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды