Қарағанды зообағында 2 қонжық дүниеге келді

Сурет: видеодан скриншот
Қарағанды хайуанаттар бағындағы аю екі қонжықты дүниеге әкелді. Бақ қызметкерлері жағымды жаңалықты бөлісіп, байқау жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды хайуанаттар бағының қызметкерлері екі қонжықты қалай атайтынын оқырманнан сұрады. Ерекше есім ұсынған адамға сыйлық та бар.

Қалаға көктем келді! Ал біздің хайуанаттар бағымызда жақсы жаңалық – бірден 2 аюдың баласы дүниеге келді! Қонжықтарға қандай есім қоятынымызды бірге ойластырайық. Өз нұсқаңызды комментарийге жазыңыз. Жеңімпазға сыйлық береміз. Байқау біздің аккаунттың жазылушылары арасында өткізіледі, – деп жазылған зообақтың Instagram-дағы парақшасында.

Зообақ оқырманы екі қонжыққа мынадай есімдер қоюды ұсынды:

Айта кетейік, Алматы зообағы қызметкерінің айтуынша, Тянь-шань қоңыр аюы көбіне екеуден туады және қонжықтарын ұрғашысы өзі өсіреді. Жыртқыш аюлардың анасы ерлерінен бөлек өмір сүреді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды