Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы үшінші «қоланы» жеңіп алды

Сурет: kfb.kz
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Түркияда өткен Әлем біріншілігінде жартылай финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыласынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2016 жылғы әлем чемпионы Валентина Хальзова финалға өтетін жекпе-жекте екі раунд бойы жеңіп жатып, бірақ үшіншісінде Мозамбик боксшысы Элена Пангуанға жол берді. Оңтүстік Африка спортшысы соңғы раундта барын салды, тіпті Валентинаны нокдаунға да жіберіп, осылайша жеңіске жетті. Хальзоваға Әлем біріншілігінің "қоласы" бұйырды.

Қазақстан атынан жартылай финалда соңғысы болып өнер көрсететін Дина Жоламан Румыния боксшысы Лакрамиор Перишочпен кешкі сессияда жұдырық түйістіреді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды