Дина Жоламан Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші қола медальді салды

Сурет: olympic.kz
Ыстамбұлда бокстан өткен 2022 жылғы Әлем біріншілігінің жартылай финалында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандық спортшымыз өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшысы төрешілердің жекелеген шешіміне сәйкес, жеңілді деп саналды. Осылайша ол Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына 2022 жылғы Әлем чемпионатының төртінші қола медалін салды.

Бұған дейін Ыстамбұлда өтіп жатқан додада Жайна Шекербекова (52 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70 кг) өнер көрсетіп, үшеуі де қола медаль еншілеген. Финалға Қазақстан атынан тек бір ғана спортшы жолдама алды. Ол — 48 келідегі Алуа Балқыбекова.

Айта кетелік, Дина Жоламан 2016 жылы Астанада өткен Әлем біріншілігінде алтын медаль иеленген болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды