Мәжілісмендер қаржы пирамидалар қызметіне қарсы заң жобасын мақұлдады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, депутаттар «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын әзірлеуге кіріседі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, заң жобаларын ҚР Парламенті депутаттары мемлекет басшысының қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірлеген.

Заң жобаларының негізгі мақсаттары – азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігін арттыру және қаржылық пирамиданың қызметін оның бастапқы кезеңінде тоқтату. Қаржы және бюджет комитеті 16 қарашаға дейін заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. Мәжіліс депутаты Марат Құсайынов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды