Өскеменде супервайзер кәсіпорынға тиесілі 1,2 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған

Сурет: zakon.kz
3 мамырда Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне 41 жастағы кәсіпорынның өңірлік директорынан өтініш келіп түсті, ол өткен жылдың 1 желтоқсанынан 2022 жылдың 29 сәуіріне дейінгі аралықта кәсіпорнында 1,2 млн теңгеден астам қаражат талан-таражға салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іске қоластындағы мекемеде супервайзер болып жұмыс істейтін 33 жастағы қала тұрғынының қатысы бар деп күдіктенетінін жеткізді.

Яғни, директордың сөзінше, қол астындағы әйел ақшаны иемденген болуы мүмкін. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, одан жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды