Референдум-2022: зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
№125 мектепте дауыс берген қоғам қайраткерлері жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңмен таласа зиялы қауым өкілдері де өз учаскесіне келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №125 мектепте дауыс берген қоғам қайраткерлері жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы дейді.

«№125 мектептегі өзіміздің сайлау учаскемізге келіп, өзгерістер мен әділетті қазақстан үшін, бала-шағамыздың болашағы үшін дауыс бердік», – деді жазушы Смағұл Елубай.
«Халық өз елінің тұтастығын сақтау үшін бір адамдай жұмылып, дауыс беру керек деп ойлаймын мен. Өйткені бұл дауыс беру – референдумның ғана тағдырын шешіп қоймайды. Халықтың, елдің, ұрпақтың ертеңін шешетін бұл үлкен жалпыхалықтық сайлаудың үлгісі деп бағалау керек», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.
Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды