Ер адам әйелдер колониясына алкоголь мен телефондарды лақтыруға тырысты

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Жауғашты кентінің ЛА-155/4 мекемесінде ер адам тыйым салынған заттарды аумаққа лақтыруға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/4 орташа қауіпсіздік мекемесінде ер адам скотчпен оралған минералды судың пластикалық бөтелкесімен бір орамды аумаққа лақтыруға тырысты.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында ер адам ұсталды. Скочталған орам ішіндегі тыйым салынған заттар: үш ұялы телефон және алкогольдің ерекше иісі бар бөтелкедегі сұйықтық тәркіленді.

Аталған факті бойынша Іле аудандық ПБ тергеу-жедел тобы шақырылды. Ұсталған азаматтың жеке басы анықталды. Тексеру барысында ер адам өз кінәсін мойындады, – деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды