БҚО-да «Бір ауыл – бір өнім» атты облыстық семинар-тренинг өтуде

Сурет: Ақжайық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аталған жобаны Республика бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында пилоттық жоба ретінде жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, қолөнер бұйымдарын жасауды оқытып үйрету, қой жүнін өндеу.

Осы жоба бойынша Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының іскер әйелдері жүнді өндеу және бұйымдар жасау бағыты бойынша жұмыстануда.

Аталған семинарға «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлік палатасының республикалық конкурстарды ұйымдастыру бойынша басқарушы директоры, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының профессоры, бизнес-тренер Құлманова Гүлжан Абжананқызы, Облыстық іскер әйелдерін кеңесінің төрайымы Тұрсынова Ляна Алексеевна, Орал қаласы мен Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Теректі, Тасқала аудандарынан өкілдер қатысуда.

Сурет: Ақжайық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осы жоба аясында аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Сейткереева облыстық делегация құрамында Қырғызстан еліне тәжірибе алмасуға барып келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды