Ресей 100 жылда алғаш рет дефолтқа ұшырады

Сурет: pixabay
Ресей сыртқы қарызы бойынша 1918 жылдан бері алғаш рет дефолтқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Блумберг» агенттігінің дерегінше Мәскеу 100 миллион долларды жексенбі күні қайтаруы керек болған. Бірақ, сол талап орындалмады.

Ал, Кремль бүгін мәлімдеме жасап, Ресейдің мұндай жағдайға душар болғанын жоққа шығарды, деп жазады qazaqstan.tv.

Батыс Ресейді Украинаға әскер кіргізгені үшін санкцияға алып, оның долларлық резервтерін бұғаттады.

Осының салдарынан Мәскеу үшін берешек қайтару оңайға соқпай отыр.

Айта кетсек, дефолтқа ұшыраған елдің сол дефолттан шыққанша және инвесторлардың сеніміне қайта кіргенше экономикаға қаржы тартуы қиындай түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды