Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйлығынан бас тартты

сурет: Instagram/lenarybakina
«Уимблдон-2022» чемпионы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина Уимблдонда жеңіске жеткені үшін Қазақстандағы жасөспірімдерге қайырымдылық пен қолдау көрсету мақсатында қаржылай сыйақыдан бас тартты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Бұған дейін Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, спортшының мемлекет тарапынан материалдық ынталандыруға құқығы жоқ екенін хабарлаған болатын.

Еске салайық, 9 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдонның жаңа чемпионы атанды. Финалда қазақстандық планетаның екінші ракеткасы – тунистік Онс Жаберді ұтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды