Елде азық-түлік бағасы күрт қымбаттаған

Сурет: Zakon.kz
Елде қымбатшылық жалғасуда. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсіресе, пияз, қант, сәбіз, картоп, қарақұмық, макарон, ұн және қырыққабаттың бағалары өскен. Бұл туралы Үкімет басшысының қатысуымен өткен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кеңесте айтылды.

Баға тұрақсыздығы Жетісу және Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәселені шешу үшіне Премьер-Министр «айналым схемасы» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша жұмысты жандандыруды, тұрақтандыру қорларын толық қамтамасыз етуді және бөлшек сауда үстемесіне мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағалық сөз байласуды бақылауды, Қаржылық мониторинг агенттігіне заңсыз қант сатушылардың жолын кесуді, оның ішінде әлеуметтік желілер мен қосымшалар арқылы сатуды болдырмауды, сондай-ақ қант жеткізу арналарын бақылауға алуды міндеттеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды