Қоймашы Түркістандағы зауыттың мүлкін 4 миллион теңгеге сатып жіберген

Сурет: pixabay
Түркістан полициясына құрылыс зауытынан арыз түсті. Хабарламада аталған зауытқа тиесілі тауарлардың ұрланғаны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 миллион теңгеге бағаланды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Бұл зауыт қоймашысы болып шықты. Ол тұрғылықты жерінде қамауға алынды.

Факті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 189 бабы "Басқаның сенiп тапсырылған мүлiктi иемдену немесе ұрлау" ісі бойынша тіркелді.

Күдікті өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған. Ол зауытқа тиесілі құрал-жабдықтар мен тауарларды заңсыз сатқан. Алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды