Полицейлер Жезқазған тұрғынынан 498 түп қарасора тәркіледі

Сурет: Zakon.kz
Қазір кең ауқымды “Қарасора-2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Оның аясында құқық қорғау органдары есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу бойынша түрлі іс-шаралар кешенін жүргізуде, деп хабарлайды Zakоn.kz.

Мәселен, 18 шілдеде Жезқазған қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірген деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктінің үй жанындағы учаскесін тексеру кезінде жалпы салмағы 6 келіден асатын қарасора тектес өсімдіктің 498 бұтасы тәркіленді.

Ол қарасораны өзі үшін өсіргенін айтып, түсіндірді. Сол күні Теміртау қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлерімен 25 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің бақшасынан 417 түп қарасора табылап, алынды.

Үй иесі полицейлерге тыйым салынған өсімдікті бақшасында өңдірген фактісі бойынша көкейге қонарлықтай жауап бере алмады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды