Жапонияда жанартау атқылауы салдарынан 34 адам эвакуацияланды

Сурет: pixabay
Әзірге қалада зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кагосима префектурасында Сакурадзима жанартауы атқылап, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Известия».

Жанартау атқылауына байланысты қауіптіліктің ең жоғары, бесінші деңгейі жарияланды, бұл адамдарды шұғыл эвакуациялауды білдіреді. Вулкандық тастардың атқылауы 2,5 км радиуста тіркелді, пирокластикалық ағындар болуы мүмкін.

24 үйдің тұрғындары жанартау кратерінен 4 шақырым қашықтықтағы орталыққа көшіруге келісті. Ал, қала билігі 33 отбасының 51 адамды эвакуациялау туралы ұйғарым шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды