Алматы облысында жылқы мен шопанның денесі табылды

Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында Еңбекші ауылының маңында жылқысы мен адамның денесі каналдан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео instagram желісінің бірінде жарияланды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 тамыз күні Талғар ауданында Еңбекші ауылының маңындағы су арнасынан атпен мінген қойшының мәйіті табылды.

Қайтыс болған ер адам мал бағумен айналысқан 53 жастағы жергілікті тұрғын. Жәбірленушінің денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері болған жоқ. Алдын ала анықталғандай, қойшыны жылқымен бірге су ағыны алып кетіп, қайтыс болған. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Осыған орай, облыстық полицейлер атап өткендей, «факт ресми түрде жазатайым оқиға ретінде тіркелген».

Соған қарамастан, тәртіп сақшылары жәбірленушінің өлімінің барлық мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау үшін тексеру шараларын ұйымдастырды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды