Түркістанда ер адам базарда тұрған арбаны ұрлап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, орталық базарда құны 80 мың теңге болатын арбасын белгісіз біреулер жымқырып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайт қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында түркістандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Нәтижесінде, күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторларына бағыт берілді. Учаскелік инспекторлар тәулік ішінде күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан кейін бірден арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген.

Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды