Алматыда алименттен жалтарғандардан 85 млн теңге өндірілді

Сурет: Zakon.kz
Алимент төлемегендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматыда сот орындаушылары алименттен жалтарған борышкерлерден биыл 85 миллион теңге өндірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан алимент төлеуден бас тартып, сот үкімін орындамаған 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бүгінде Алматы Әділет департаментінде борышкерлер бойынша 1800-ге жуық іс қаралуда, деп жазады qazaqstan.tv.

Қасақана жалтару фактілері бойынша 82 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Соның ішінде әкімшілік жаапкершілік 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамау шарасы бар. Осыны қолданып отырмыз. Алты қылмыстық іс қозғалды. Жаңабай Ағманов, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Сондай-ақ соңғы жарты жылда 244 алматылық банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай, үйінен айрылған. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға көп. Демек, қазақстандықтардың қарызы көбейіп, оны төлей алмайтындардың қатары артқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды