Велосипедтегі қарияны қағып кету фактісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды

Сурет: ҚР ІІМ
Зейнеткерді велосипедпен қағып кеткен жүргізушінің ісі туралы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама нәтижелерін алғаннан кейін әкімшілік сипаттағы факт қылмыстық іске сараланды.

Аталған оқиға бойынша полиция қызметкерлері Қарасай ауданының ZAZ Chance автокөлігін басқарған 61 жастағы тұрғынды анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611-бабының 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Бүгін сараптама нәтижелерін алғаннан кейін іс қайта сараланып, ҚР ҚК 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамыз күні кешке Жамбыл аудандық ПБ-ға Таран ауылына кіре берісте белгісіз көлік велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Жол апаты салдарынан 81 жастағы ер адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды