Ақтөбеде бірнеше соттың ғимаратына «бомба» қойылды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде бес соттың ғимаратына «бомба» қойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 тамыз күні таңертең Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осындай хабарламалар Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қалалық сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына келіп түсті, делінген хабарламада.

Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері дереу жетті. Саперлер жұмыс істеді. Барлық қажетті шаралар қабылданды.

Жарылғыш құрылғылар табылмады.

Ведомствода көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды