Ақтөбеде банк менеджері компания шотындағы 777 миллион теңгені ұрлап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының No2 сотында алаяқтық жасады деп айыпталған банк менеджері К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Банк менеджері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған. Ол «С» акционерлік қоғамының есепшотынан 777 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Сотта сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Келтірілген шығын көлемімен келіспеді. Сотталушының кінәсі сот-экономикалық сараптамасының қорытындысымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыны 10 жыл мерзімге банк саласында қызмет атқару құқығынсыз 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдеткен.

Банк менеджері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк секторында қызмет атқара алмайды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды