Сарапшы PRO HOCKEY LEGACY 2022-2023 маусымының алғашқы матчтарына болжам жасады

Сурет: Рarimatch
10 қыркүйекте шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының алғашқы матчтары басталады. Parimatch-тың хоккей спорт түрінен сарапшысы Константин Пушкарев алдағы командалардың кездесуіне болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Менің ойымша, чемпионаттың ашылу матчындағы "Сарыарқа" - "Арлан" ойынының соңын болжау оңай. "Арланның" ойын тәсілі және жаттықтырушылар құрамында өзгерістер болғанын ескере отырып, Қазақстан кубогындағы жеңістен кейін қарағандылық клуб айқын фаворит болып отыр десек те болады.

"Алматы" - "Горняк" арасындағы шайқаста да бәрі анық. Қазіргі уақытта алматылық командасының құрамы жартылай жастардан тұрады, сондықтан оларға Рудныйдан келген хоккейшілерге төтеп беру оңай болмайды.

"Құлагер" және "Снежные барсы" шайқасында да осындай жағдай орын алған. Петропавлдықтардың екі матчты да елордалық клубтан жеңіп алуға барлық мүмкіндіктері бар.

Осы маусымға қатысу-қатыспауы туралы сұрақ туындаған "Торпедо" командасы "Ақтөбемен" кездесетін болды. Кездесудің фавориті деп сөзсіз батыс клубын айтуға болады.

Ташкенттік "Хумо" командасы туралы болжам айту қиын. Клуб PHL маусымына бірінші рет қатысатындықтан, біз бұл жігіттердің өнерін ойын барысында ғана көре аламыз. Бірақ, "Номадқа" қарсы ойында екі команданың жеңіске тең мүмкіндігі бар деп ойлаймын"

"Сарыарқа" - "Арлан" PHL-дің ашылу матчына Parimatch коэффициенттері:

Ж1 – 1.68, Х – 4.20, Ж2 – 3.75

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды