Футболдан ӘЧ-2022: Камерун мен Сербия бір-біріне үш голдан соғып, тең түсті

Сурет: twitter/fifaworldcup
Камерун мен Сербия командалары футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-турындағы матчта тең түсті. Командалардың әрқайсысы қарсыластарының қақпасына үш голдан соқты, есеп - 3: 3, деп хабарлайды Zakon.kz.

Камерунның футболшылары бірінші болып алға суырылып шықты. 29-шы минутта Жан-Чарльз Кастелетто гол соғып, Африка құрамасына қуаныш сыйлады. Бірінші таймның соңында сербтер нәтижені теңестіріп қана қоймай, сонымен қатар басымдыққа ие болып шыға келді. Страхиня Павлович есепті теңестірсе, одан кейін Сергей Милинкович гол соқты. Есеп: 2:1. Осындай ұпаймен командалар үзіліске кетті.

Екінші таймның басында сербтер ұлттық құрамасы мансабындағы 51-ші голын соққан Александр Митровичтің арқасында екі ұпай айырмашылығымен басымдықты нығайтты. Барлығы осымен болды деп ойлап үлгергенде африкалықтар қарсыластарының қақпасына жол тапты. Бір емес, екі гол соқты.

Гол авторлары - Винсент Абубакар мен Эрик Шупо-Мотинг. Төреші ысқырғанда таболда 3:3 деген сандар тұрды.

G кіші тобының тағы бір матчы 28 қарашада Бразилия мен Швейцария құрамалары арасында өтеді, ойын сағат 22:00-де басталады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды