Нидерланды мен Сенегал құрамалары футболдан ӘЧ-ның плей-офф кезеңіне өтті

Сурет: Twitter/fifaworldcup
29 қарашада Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында А тобына іріктеу туры аяқталды. Нидерланды мен Сенегалдың жолы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионатының 1/8 финалына өту үшін Нидерланды мен Эквадор құрамасына ең құрымығанда тең түсу жеткілікті болса, ал Сенегалға міндетті түрде Эквадорды жеңу керек болатын.

Голландия құрамасы бірінші таймда Коди Гакпоның дәл соққысының арқасында бірден суырылып алға шықты. Ал өзге матчта Сенегал үзіліске 1:0 есебімен шықты, пенальтиді Исмаил Сарр жүзеге асырды.

Екінші таймда Нидерланды командасы өзінің артықшылығын арттыра түсті. Гол авторы - Френки Де Йонг. Осылайша 2:0 есебімен голландық құрама 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.

Мундиалдың 1/8 финалына екінші жолдаманы Сенегал құрамасы жеңіп алды. Олар екінші таймда қақпаларына бір доп (Кайседо) кіргізіп алды, алайда оған жауап берудің сәті түсті, осылайша Сенегал Эквадорды 2-1 есебімен ұтты. Калида Кулибали африкалықтарға жеңіс әкелді.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды