Түркияның оңтүстік шығысында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

Сурет: twitter/akilligundem
Түркияның Шанлыурфа қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның алдын ала келтірген дерегіне сүйенсек, 4 желтоқсанда Ақшақала ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде жарылыс орын алған. Салдарынан қазандықтың үстіндегі бетон құлап, пәтерлердің терезелері мен жақтауларын қиратқан, деп хабарлайды Jurnal Haber.

Өрт сөндірілді, алайда пәтерде болған 6 адам жарақат алды.

Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен Ақшақаладағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің денсаулығы қанағаттарлық екені айтылады.

Ақшақала ауданының әкімшілігі осы мәселеге қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрмағаны айтылады.

Оқыс оқиғаның себебі мен салдары анықталып жатыр.

Көпқабатты тұрғын үй маңында тұрған көліктер де бүлінген. Көрші үйлердің де терезесі сынған.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды