Хорватия Жапонияны пенальтимен әупірімдеп жүріп жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Сурет: twitter/fifaworldcup
Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін талас жалғасып жатыр. Осы кезеңде Хорватия мен Жапония құрамалары да өзара бақ сынады. Сонымен бұл ойында еуропалықтар ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда, бұл ойында 2018 жылғы мундиалдың вице-чемпионы хорватиялық ұжым фаворит болып саналды. Алайда, жапондықтар Қатардағы ойындарында өздерімен ойнауға болмайтынын дәлелдеп үлгерген. Олар бірінші таймның соңында бірінші болып есеп ашыт, Жапония құрамасының шабуылшысы Дайдзен Маэда гол соқты.

Үзілістен кейін Хорватия құрамасының футболшылары тез жинақталып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Ағылшын "Тоттенхэмінің" жартылай қорғаушысы Иван Перишич гол соқты.

Есеп - 1:1. Таблодағы сан ойынның негізгі уақыты аяқталғанша осылай өзгеріссіз қала берді. Төрешісі Эльфат Исмаил ойынға қосымша уақыт қосты. Бірақ, бұл арада да қос команда жеңімпазды анықтай алмады. Кезек пенальтиге келді. Сәттілік Хорватия құрамасына бұйырды. Есеп - 3: 1.

Осылайша, хорваттар 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, олардың қарсыласы Бразилия-Оңтүстік Корея матчынан кейін анықталады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды